Chania
158
02.02.2022
«Отанды қорғау - абыройдың ісі»

Әскери-патриоттық тәрбие тақырыбы кәсіби әскери қызметкерлер мен этномәдени бірлестіктер жастар қанатының балаларымен кездесуі барысында көтерілді.

Бұл кәсіптің беделі жөнінде жас балаларға Қостанай қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының 3 класс сержанты Самат Турмагамбетов пен А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ әскери кафедрасының кезең басшысы полковник Андрей Зимоглядов айтып берді.
Спикерлер бүгінгі Қазақстан әскерінің - патриоттық, және де ерлік қасиеттерді іске асыруға мүмкіндік беретін керемет жер екені жөнінде баяндады.

Мысалы, контракт бойынша қызмет атқарып жатқан әскерилер үшін едәуір әлеуметтік пакет қарастырылған: тұрғын үймен қамтамасыз ету немесе жалға алынған үйдің компенсациясы, арнайы киім, медициналық және шипажайлық қызметтер, толық қаржылай қамтамасыз ету.
Жедел қызмет атқарушы сарбаздардың әскери мерзімі қазір бір жылға ғана созылады, соның нәтижесінде дедовщина түсінігі толығымен болдырылмайды.

Әскери бөлімдерде видеобақылау орнатылған, бұл да қауіпсіздік шарасының бірі.
Сонымен қатар, балаларға А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ әскери кафедрасында әскери білім алу мүмкіндігі жөнінде хабарланды.
Кездесу барысында әскери-патриоттық клубтардың жұмысы аясында ұсыныстар да айтылды.