Chania
143
13.01.2022
«Бирлик» әзірбайжан қауымдастығының белсенділері Қостанай ауданындағы блок-бекеттерде міндетін атқарып тұрған әскери қызметшілерді қолдады.

Облыс тұрғындарының тыныштығын сақтайтын полицейлерге қауымдастық өкіліне тиесілі дәмханада әзірленген ыстық ас ұсынылды. 
     «Біз 10 қаңтардан бастап тәртіп сақшыларын ыстық тағаммен қамтамасыз етіп келеміз, бұл игі істі төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін жалғастырамыз.  Қиын сәтте алдыңғы шепте жүрген жерлестерімізді қолдау туралы шешім қабылдадық. Бүгінде жағдай тұрақталды, алайда қырағылық танытқан жөн.  

Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне  ыстық тағаммен қатар, сусын, шырын, шай, жемістер табысталды. Біздің бастамамызды құптап, қол ұшын созған Натиг Керимовке, Тарзан Мамедовке, Елчин Мамедовке, Али Багировқа алғысымызды білдіреміз» - деді әзірбайжан ЭМБ белсенді мүшесі Халиг Керимов.


Қостанай ауданында қазіргі уақытта үш блок-бекет жұмыс істейді, әскери қызметкерлер қостанайлықтардың қолдауы мен қамқорлығын сезінеді. Бұл – халықтық күші бірлікте екендігінін тағы бір дәлелі.