Chania
154
11.01.2022
Акжан Алтыбаева: «Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»

- Бүгінгі Президенттің жолдауын бүкіл қазақ елі ерекше ықыласпен және үмітпен күтті. Елдегі соңғы оқиғалар көптеген өзекті тақырыптар мен проблемаларды ашып көрсетті . Алда әлеуметтік, сондай-ақ экономикалық, саяси және басқа да салаларда ауқымды жұмыс, реформалар мен қайта құрулар күтіп тұр. Президент өңірлердегі қарапайым халықтың өміріне ерекше назар аудару керектігін атап өтті. 


Ана ретінде, балаларға, білімге және қоғамның әлеуметтік өміріне қатысты сұрақтар орынды қозғалды. 
Бұл кезеңде ел Президентіне айтылған барлық реформаларды жүзеге асыруда қолдау көрсету керек. Сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның тыныштығы мен ынтымақтастығын сақтап қалуымыз барлықтарымыздың борышымыз. «Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» деген ұранның қазіргі таңда қандай терең мағынасы бар екенің Қазақ елі енді түсіндік!  


Акжан Алтыбаева, Қостанай облысы  Қазақстан халқы Ассамблеясы  Аналар кеңесі төрайымының орынбасары, практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі