Chania
898
08.02.2016
Қостанай қаласындағы «Таңғы жаттығу» флешмоб-акциясы

5 ақпан күні сағат 11-де Қостанай қаласының №2 орта мектеп-лицейының акт залында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Таңғы жаттығу» флешмоб-акциясына бітіруші сыныптардың 50 оқушысы қатысты. 
Таңғы жаттығу алдында сөз сөйлеген «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ басшысы орынбасары А.Қ.Қожахметов  және «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы Н.Б.Ермағанбетов - «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Таңғы жаттығу» жастар флешмоб-акциясы «Ұлт денсаулығы – спорттық Қазақстан» ұранымен барлық аймақтарда, аудандар мен қалаларда өткізілуде және халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған. Ел болашағы сендерсіндер, жақында мектеп аяқтап үлкен өмірге қадам басасындар. Алға қойған мақсаттарға жету үшін сіздер салауатты өмір сүріп, Отанымыз Қазақстан Республикасының патриоты болуларыңыз қажет». 
Осыдан кейін «Зумба» фитнес залының басшысы И. Шинның басқаруымен оқушылар әуен арқылы таңғы жаттығу жасады.

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі