Chania
150
28.12.2021
Көңілді ойын-сауық, тәтті сыйлықтар және бақытты балалар!

Костанай облысының корей қауымдастығы Рудный балалар үйінің тәрбиеленушілерін қолдау мақсатында жаңа жылдық қайырымдылық акция өткізді.
Балалар үшін Қостанай қаласындағы «Костанай Плаза» сауда ойын-сауық орталығында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, бүлдіршіндер қызықты байқауларға қатысып, Аяз Ата мен Ақшақардың сиқырлы қойылымдарын тамашалады, іс шара соңына қарай жас өрендерге дәмді тағамдар мен тәтті сыйлықтар табысталды.
Балалар ризашылықтарын танытып, келесі жылы кездесуге ниет білдірді!