Chania
225
30.11.2021
Лайықты еңбекке – лайықты марапат

Бүгін облыс әкімдігінің концерттік залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында этномәдени бірлестіктердің және консультативтік-кеңестік органдардың өкілдерін марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Этномәдени бірлестіктердің және консультативтік-кеңестік органдардың төрағалары, төраға орынбасарлары, белсенді мүшелері Қостанай облысының әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Архимед Мұхамбетовтың қолтаңбасы қойылған алғыс хаттармен марапатталды.

Марапаттарды Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова табыстап, олардың қоғам игілігі жолындағы ерен еңбектерін және этносаралық келісім мен бірлікті сақтауға бағытталған қызметін жоғары баға беріп, алғысын жеткізді.

Марапаттау рәсімі барысында қатысушылар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылып, атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты паш ететін бейнероликтер көрсетілді.