Chania
181
12.11.2021
Этносаралық қарым-қатынастың ғылыми тұрғыдан зерттелуі

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік  университетінің жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы  кафедрасында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы  ғылыми-сараптамалық  тобының  монографиясы таныстырылды.


Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін насихаттауға бағытталған республикалық лекторий аясындағы студенттермен кездесу барысында қатысушылардың назарына «Этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері: қазіргі жағдайы және болашағы» атты ұжымдық монографиясы ұсынылды. Бұл еңбек - Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобы жұмысының нәтижесі және филология, философия, саясаттану, тарих, құқықтану салалары бойынша өткізілген зерттеу материалдарын қамтиды.


«Этносаралық қатынастар саласын ғылыми тұрғысынан зерттеу маңызды, мұндай зерттеу ұлтаралық жағдайға объективті қарауға, даму барысын және ықтимал тәуекелдерді анықтауға мүмкіндік береді. Ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері тақырып аясындағы зерттеулерін жариялады, олардың авторлық еңбектері монографияға енді. Біз ізденістік жұмыспен  айналысуды ұнатамыз және бұл тек ғылыми-сараптамалық топтың ғана емес, бүкіл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының көрсеткіші деп санаймыз», - дейді ҒСТ төрағасы Денис Качеев.


Іс-шараға қатысқан елордалық қонақтар жергілікті ғалымдардың жұмысын жоғары бағалап, ынтымақтастықты жалғастыруға үміт білдірді.