Chania
203
04.11.2021
Интеллект және достық күші

Қостанайдың креативті және ақылды жастары туған жер туралы білімдерін тексеру үшін Достық үйіне  жиналды. «АНК квиз» зияткерлік ойыны ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Шалғымбеков Айбек Батырханұлының бастамасымен өтті.

Ол студенттерге арналған турнир ұйымдастыруды ұсынды, ал облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл идеяны қуана қолдады. Ойынға  алты команда қатысты: А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ студенттерінен құралған «Тарихшылар», «Журналистер», «Экономистер», «Заңгерлер», «Аудармашылар» командалары және Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалының студенттерінен құралған команда бақ сынады.

Ойынның жүргізушісі Диас Наспаев ойын барысында «Google- аудармашылар» командасының капитаны, «Бирлик» әзірбайжан қауымдастығы жастар қанатының жарқын өкілі Зейналов Рагифтің нақты және толыққанды жауаптарын атап өтті. 


Үш сағатқа созылған ойын қорытындысы бойынша тарихшылар командасының  қатысушылары жеңімпаз атанды, екінші орынды заңгерлер командасы, үшінші орынды аудармашылар командасы иеленді.
Қарқынды да қызықты турнир барша қатысушылардың көңілдерінен шықты. Олардың өтініші бойынша мұндай зияткерлік ойындар жиі ұйымдастырылатын болады.