Chania
247
17.09.2021
Аналарға мың алғыс

 Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі көпбалалы аналарды келе жатқан  Аналар күні мерекесімен құттықтады. 
      Ұйымдастырушылар «Күміс алқа» және «Алтын алқа» иегерлері атанған үш анаға сыйлықтар ұсынып, әрқайсысына жан тазалығының, пәктіктің, даналықтың белгісі болып табылатын ақ орамал табыс етті.  


Белсенділер ең алдымен, Заречный ауылының тұрғыны, алты баланың анасы, 80 жасар кейуана Жібек Анықпайқызы Бибулованы құттықтады. Бүгінде ол 14 немере мен 9 шөберенің аяулы әжесі.  Жібек апай ауылдық кітапханада  жұмыс істеген, кез келген ортада сыйлы адам.


Сонымен қатар, Аналар кеңесінің мүшелері 32 жасар  Надежда Гудкованы құттықтады. Жас болғанына қарамастан, ол - жеті баланың анасы, «Алтын алқа» иегері.  Надежда  өзінің  жұбайымен 2007 жылдан бастап бірге өмір  сүріп келеді, үш қыз және төрт ұлтәрбиелеуде. Үлкен қызы -14 жаста, кіші баласы -3 жаста.  
          Үшінші сыйлық Қарасу ауданы  Комсомольское ауылының тұрғыны "Күміс алқа" иегері, 9 баланың анасы 72 жасар  Лариса Ивановна Вотчельге жіберілді.   Бүгінгі таңда  оның 26 немересі және 7 шөбересі бар.  Лариса Ивановнаның жұбайы өмір бойы механизатор, ал өзі Қостанай облысы  Қарасу ауданы Комсомольское ауылында сауыншы болып жұмыс істеген. Бір қолымен бесік, екінші қолымен әлем тербейтін аналарымызды ардақтайық!