Chania
237
27.08.2021
Ата Заңым – айбыным!

2021 жылдың 27 тамызында «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері Қазақстан Республикасының Конституция Күні қарсаңында «Конституция - Қазақстан халқының бірлігі мен рухани келісімінің негізі» тақырыбына арналған республикалық дөңгелек үстелге қатысты.
 ZOOM қосымшасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылған іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, ҚХА-ның қоғамдық құрылымдары, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының өкілдері, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктер құрамындағы жастар, ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» жастар ұйымының өкілдері, студент жастар  тартылды. 
  Іс-шара соңына қарай Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы - Денис Качеев барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтап, Ата Заңның елдіктің тірегі екендігін аңғартып, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының теңдігін сақтау, мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау, Қазақстан Республикасында кез келген тілде қарым-қатынас орнату мүмкіндігіне қол жеткізудің маңыздылығын жеткізді.