Chania
221
05.08.2021
Туған күніңізбен!

Достар, бүгін Қостанай облысы корей қауымдастығының  төрайымы, шығармашыл тұлға, жаны жайсаң,  жайдарлы  ару  - Ким Ульяна Львовна өзінің туған күнін атап өтуде!
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ атынан Сізді шын жүректен құттықтаймыз!  Игі арман-тілектеріңіздің орындалуына тілектеспіз. Шабыңыз шарықтап, жетістіктеріңіз арта берсін, әрбір күніңіз бақыт пен шаттыққа толсын, сәттілік серігіңіз болсын. Жақындарыңыз аман болып, Сізді әрдайым қуантсын. Кең пейілді, ашық-жарқын қалпыңыздан таймаңыз.
Туған күніңізбен!