Chania
209
19.07.2021
Туған күніңізбен!

Достар,
бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация кеңесі төрағасының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, ақылына көркі сай ару Евдокимова Ольга Николаевна өзінің туған күнін атап өтуде!

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Достық Үйінің атынан Сізді шын жүректен құттықтаймыз! Аңсаған армандарыңыз бен тілектеріңіздің орындалуына тілектеспіз. Шабытыңыз шарықтай берсін, сәттілік серігіңіз болсын. Әрбір күніңіз бақыт пен шаттыққа толсын. Жақындарыңыз аман болып, Сізді әрдайым қуантсын. Кең пейілді, ашық-жарқын, жайдарлы қалпыңыздан таймаңыз.

Туған күніңізбен!