Chania
231
04.07.2021
Алғашқы сыйлық Бүгін облыс бойынша Ұлттық домбыра күнінде дүние есігін ашқан сәбилерге 21 домбыра табысталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы дәстүрлі шараны 2018 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен музыкалық аспап мерекесіне орай ұйымдастырып, өткізді.
Облыстық перинаталдық орталықта "Ұлы дала ұрпақтары Қостанай" ҚБ төрағасы Нұржан Ермағамбетов музыкалық аспапты табыс етті. Домбырадан басқа жаңа туған нәрестенің анасына сәбиге арналған жаңа киім жиынтығы сыйға тартылды.
"СарыарқаАвтоПром"ЖШС аналар кеңесінің атынан 30 мың теңгенің сертификаты ерекше сыйлық болды. Оны ұйымның белсенді мүшесі Оксана Полонейчик тапсырды.
Айтулы күні Қостанай облысы бойынша барлығы 21 домбыра табысталды - әр ауданда жаңа туған нәрестелерді құттықтады.