Chania
264
23.06.2021
Бүгін елімізде Полиция күні және Мемлекеттік қызметшілер күні сынды қос мереке аталып өтуде!

Достар,
Бүгін елімізде Полиция күні және Мемлекеттік қызметшілер күні  сынды қос мереке аталып өтуде! 


Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан аталмыш мамандықтардың барлық өкілдерін құттықтаймыз!  Сіздердің арқаларыңызда біз әрбір азаматтың қауіпсіздігі қорғалатын, оның жан-жақты жетілуіне мүмкіндік жасалатын  мерейлі мемлекетте бейбіт өмір сүріп жатырмыз.
Халықтың қамқоршысы болып жүрген Сіздерге амандық, қажымас ерік-жігер тілейміз! Қандай жағдай болмасын, салқынқандылық танытып, мәселенің оң шешімін табуыңызға тілектеспіз! Еңбектеріңіз жемісті, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!  
Мерекелеріңіз құтты болсын!