Chania
275
09.06.2021
«Тәуелсіздік мен үшін нені білдіреді?» жобасы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу
аясында біздің министрлік «Тәуелсіздік мен үшін нені білдіреді?» жобасын жариялады.


Аталған жоба Тәуелсіздікке қазақстандықтардың жеке өмірлері, естеліктері мен оқиғалар тұрғысынан қарауға арналған.
Бұл жоба аясында ел тұрғындары «Тәуелсіз мемлекетте өмір сүру деген не?» сұрағына өз пікірлерімен бөлісуге шақырылады. Қазақстандықтар өздерінің егемен ел болудың арқасында қол жеткізген мүмкіндіктері туралы, өздерінің жетістіктері мен жеңістері жайында бөлісе алады, сондай-ақ патриотизм және өз елі үшін мақтаныш сезімін бастан кешкен сәттерін еске түсіре алады.


Жобаға қатысу үшін өз тарихыңызды әлеуметтік желілердегі жеке аккаунтыңызда #Qazaqstan30 хэштегімен ұзақтығы 1 минуттан аспайтын бейнежазба форматында жариялау және @qazaqstan30jyl парақшасын белгілеу қажет. Сондай-ақ, бейнежазбаны АҚДМ жобалық кеңсесінің электрондық мекенжайына info@30jyl.kz жіберу қажет. 


Ең әсерлі және айтарлықтай оқиғалар республикалық телеарналардың эфирінде көрсетіледі және БАҚ-та жарияланады. 
Жобаның барысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай құрылған  https://30jyl.kz/qazaqstanym/ арнайы сайтта қадағаланатын болады.