Chania
215
08.06.2021
«Қоғамдық келісім» КММ «Ashyq» жобасының қатысушысы болды.

7 маусымнан бастап облыстық Достық үйінің қызметкерлері мен келушілері «Ashyq» қосымшасы бойынша кіргізіледі.

Бұл жүйе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының дәстүрлі, баршаға ұнаған іс-шаралары мен жобаларын толыққанды өткізуге мүмкіндік береді.

QR-кодты пайдалану және ПТР-дың жалпы базасымен интеграциялау есебінен Ashyq мобильді қосымшасы келушінің денсаулық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, қонақтар мен қызметкерлердің вирусты жұқтыру қаупі азаяды.

Арнайы QR кодтары кіреберістің жанында орналасқан және тек ұялы телефонда қосымшаның болуын талап етеді.