Chania
251
04.06.2021
Рәміздерім-мақтаным!

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшелері пазлдарды құрастырып, елдігіміздің, егемендік пен біртұтастықтың белгісі болып табылатын Мемлекеттік туды жасап шығарды. 


Мемлекеттік рәміздер күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған флешмоб «Менің елімнің туы» патриоттық акциясының аясында ұйымдастырылған болатын. 
Этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттары және еріктілер қозғалысы орталығының белсенді мүшелері облыс әкімдігінің алдындағы алаңда жиналып, Мемлекеттік рәміздерді құрметтейтіндігін паш етті.   


Құрманғазының күйіне  ұлттық би билеген «Зарянка» хореографиялық ұжымы барша көрермендерді тәнті етсе, «Индиго» ұжымының бишілері  пазлдардан Мемлекеттік туды құрастырып шығарды. Ұлттық киім киген еріктілер мен жастар қанаттарының өкілдері іс-шараның көркіне айналды. 


Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы патриоттық тәрбиені қалыптастыруға, Мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға бағытталған эстафетаны Отанға, Туған жеріне деген сүйіспеншілікті танытуға ниетті азаматтарға табыстайды. 
Эстафетаға қатысу үшін  #меніңтуым,#моифлаг# Qazaqstan30 хэштегін пайдаланып, әлеуметтік желілерде жарияланым жасау қажет.