Chania
252
17.05.2021
«Бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін»

Ресейдің ТМД істері және шетелде жүрген отандастар мәселесімен айналысатын агенттік Қостанай облыстық орыс қауымдастығының төрағасы Юрий Ивлевке медаль табыстады. Юрий Ивановичтің орыс халқының тілі мен мәдениетін насихаттауға, халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайту жолындағы ерен еңбегі бағаланды.  
Қауымдастық төрағасы ағымдағы жылдың 14 мамырында Ресей федералды агенттігінің ТМД істері және шетелде жүрген отандастар мәселесімен айналысатын және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі ведомствоның медаліне ие болды.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Юрий Ивановичті лайықты марапатымен құттықтаймыз және жаңа шыңдарды бағындыруға тілектеспіз!