Chania
264
17.05.2021
Қола жүлдең құтты болсын, шахматшы!

Қостанай облыстық украин қауымдастығының төрағасы, халықаралық гроссмейстер Петр Костенко ерлер арасындағы ФИДЕ Чемпионатында үшінші орын алды.
Ағымдағы жылдың 6-15 мамыры аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан) шахматшылар жарысы өткен болатын. Чемпионатқа Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің шахматшылары қатысты.
Сегіз халықаралық гроссмейстер және жиырмадан астам шахматшы қатысқан ақыл-ой жарысында Петр Костенко  жүлделі үшінші орынға ие болды. Құттықтаймыз!