Chania
265
28.04.2021
Дамудың жаңа кезеңі

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері облыс әкімі Архимед Мұхамбетов басшылық еткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясына қатысты. Аталмыш іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылған болатын. 


Сессия барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік саясатты құруда және ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда 5 қағидатты ұстану қажеттігін жеткізді. Олар: қазақстандық патриотизм, азаматтардың тең құқықтылығы, мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлі, әралуандылықтағы бірлік және ұлттық сананы жаңғырту.


Сессияны қорытындылай келе Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы лауазымын Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тапсырды. 
«Қазір мен осымен тоқтамай бұдан әрі жылжығым келеді. Бұл да мен үшін маңызды қадам, өйткені 1995 жылдан бастап мен Қазақстан халқы Ассамблеясының бастауында болдым, жұмысты басқардым. Қазақстан халқы Ассамблеясы тірек ретінде іс басындағы Президенттің жанында тұруы тиіс және екінші жағынан Мемлекет басшысы да Ассамблеяға арқа сүйейді. Сондықтан мен Ассамблеяны басқару құқығымды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдадым», - деді Елбасы Ассамблея сессиясында.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтан Қазақстан халқы Ассамблеясының құрметті төрағасы болуды сұрады. Елбасы Ассамблеямен тығыз жұмыс істей беретіндігін  жеткізіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрметті төрағасы атағына ие болды.