Chania
316
05.04.2021
Қостанай облыстық Қоғамдық келісім кеңесіне жаңа басшы тағайындалды

Бұл лауазымды танымал қостанайлық дәрігер, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының төрайымы Татьяна Борисовна Булгацевич иеленді. 
Жаңа басшы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті онлайн-отырысында таныстырылды.
Іс-шараға барлық деңгейдегі ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары және Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын үйлестіретін мамандар қатысты.
Отырыс барысында Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің 2021 жылға арналған жұмысын және қалалық, аудандық Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысын жоспарлау мәселесі қарастырылды. Барлық деңгейдегі Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметі ғаламтор кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі жағымсыз пікірлер бойынша сараптамалық жұмыстар жасауға бағытталмақ.