Chania
339
18.02.2021
Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры

Ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің шежіресі» атты ашық онлайн сабақтар өткізуде.
Іс-шара ұйымдастырушылары қатысушыларды Қазақстанның  тәуелсіздікке жету жолындағы тарихымен таныстырды. Мұндай танымдық іс-шаралардың мақсаты – жастарды Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Ашық сабақтар Қостанай қаласының № 1 мектеп-лицейінде, № 4 мектебінде және №3 мектеп-гимназиясында өтті. Әлібек Табұлденов, Жангелді Шәукенов, Серікжан Ысмаилов, Айбек Шалғымбеков сынды танымал ғалымдар  онлайн сабақтарды Қостанай қаласының 15 мектебінде өткізбек.