Chania
338
15.02.2021
«Бұрымды ару» байқауы

Ұзын, әрі қос бұрым етіп өрілген шаш кез келген қыз баланың көркі, сәні. Ғалымдардың зерттеуінше, неғұрлым шаш ұзын болса, соғұрлым  арулардың  нәзіктігі артады екен. Халық арасында жуан бұрымды жеңді білектей, қос бұрымды тау басынан құлаған бұлақтай деп, ерекше мадақтайды.


8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы «Бұрымды ару» байқауын ұйымдастыруда. Байқауға 16-30 жас аралығындағы бұрымы белден асатын арулар қатыса алады. 
Қатысушыларға қойылатын талаптар: 
Байқауға қатысуға ниетті арулар бұрымы көрініп тұратын фотосурет жолдауы  қажет.  Бірнеше бұрым, ерекше үлгідегі сәнді өрімдер жасауыңызға болады, ең бастысы ұзындығы белден асуы керек. Шаш өсірудегі мақсатымен бөлісуі тиіс. фотосурет пен ақпаратты «Бұрымды ару» байқауына» деп белгілеп, domdryjby@mail.ru электрондық поштасына жолдауы тиіс. 
Жеңімпазды http://kostdom.kz  сайтының оқырмандары 6-7 наурыз аралығында дауыс беру арқылы анықтайды. Ең көп дауыс жинаған ару жеңімпаз атанады. Жеңімпаз бұрымды арудың есімі 8 наурыз күні белгілі болады. Байқау жеңімпазына  ұлттық стильдегі фототүсірілім жасауға сертификат табысталады.     


8(7142) 50-10-30 телефон нөміріне хабарласып немесе біздің әлеуметтік желілерімізге жеке хабарлама жолдап,  байқауға қатысу жөніндегі сұрақтарыңызға жауап ала аласыз.