Chania
287
28.01.2021
«Мәміле»: Жағдаяттық қазақ тілі» жобасы - Дмитрий Ромащенко.

Армысыздар, достар, біздің қазақ тілін меңгертуге арналған онлайн сабақтарымыз жалғаспақ. Тіл жанашыры, онлайн сабақтардың оқытушысы Айжан Бекманова Сіздер үшін нағыз тосын сый дайындады.
Достар, бұл маусымда Сіздер ауызекі қазақ тілін меңгеріп қана қоймай, мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерімен  танысасыздар.
Айжан ұлты орыс болса да, қазақ тілін меңгеріп қана қоймай,  мектепте оқушыларға қазақ тілінен сабақ беретін жас ұстаз, Федоров ауылдық мектебінің мұғалімі Дмитрий Ромащенкодан сұхбат алды. 
Назарларыңыз бізде болсын!