Chania
269
28.01.2021
Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңына 10 жыл! Бұл Заң 2001 жылдың 28 қаңтарында қабылданған болатын.

Қазақстандағы әлеуметтік-қоғамдық және ұлтаралық қатынастар саласындағы басты медиатор - Ассамблеяның негізгі міндеттерінің бірі - медиация институты құрылымдарының жұмысын үйлестіру. 
«Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан 2015 жылы медиация кабинеті ашылып, сонымен қатар, Медиация кеңесі құрылған болатын. Құрылымның төрағасы - «Қостанай облысының медиаторлар қауымдастығы» ҚҚ президенті Богатырев Сергей Алекссевич. 
Медиация кеңесінің құрамындағы кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың (ҚХОА-ның ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, ЖОО-ның оқытушылары, отставкадағы сот төрешілері)  еңбегі орасан зор. 
Медиация кеңесінің негізгі міндеті – медиация институтын нығайту арқылы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған мақсатын іске асыруға атсалысу.