Chania
353
14.01.2021
Біз біргеміз!

Этномәдени бірлестіктердің және консультативтік-кеңестік органдардың мүшелері Қамысты ауданының тұрғыны, көпбалалы ана Татьяна Блиноваға қолдау танытты. 
Облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Шушаник Саркисянның арқасында көпбалалы жанұяға азық-түлік жиынтықтары табысталды. Қамысты ауданының Аналар кеңесі Зарема Иставлетова «Бирлик» әзірбайжан қауымдастығы ұсынған қаржылай көмекті көпбалалы жанұяға табыстады.
Отбасы мүшелері қысқы киімге зәру болғандықтан этномәдени бірлестіктер (шешен-ингуш, армян, поляк қауымдастықтары) үш бүлдіршінге және  отбасының ұйтқысы, перзенттерінің тәрбиешісі болып отырған Татьянаға қысқы киімдер жинап, ұсынды. 
«Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының ұжымына, қол ұшын созған әрбір жанға алғысым шексіз, көмекке мұқтаж жандарды қолдап,  олардың өміріне бейжай қарамайтын азаматтардың бары көңіл қуантады», - деді Татьяна.