Chania
304
31.12.2020
ҚХА қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды Құрметті отандастар!

Сіздерді табалдырығымыздан аттағалы отырған – қазақстандық әр отбасы үшін арайлы да қайырлы және сағына күтетін мереке жаңа – 2021 жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.

Өткен жыл ерекше болды – біз Қазақстан халқы Ассамблеясы мен еліміздің Негізгі заңының 25 жылдығын, Ұлы Жеңістің 75 жылдығын, Абайдың 175 және әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларын атап өттік. Осынау мерейлі даталар қазақстандықтардың жүрегіне жылы шуағын септі, оларды аса жоғары әрі мазмұнды деңгейде атап өту отандастарымыз үшін үлкен абырой болғаны сөзсіз.

2020 жыл Еріктілер жылы болды. Жалпыұлттық «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясын жүзеге асыру Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығының айқын көрінісін паш етті. Біз бірігу арқылы кез-келген күрделі міндеттерді шеше алатынымызды және жауапкершілігіміздің жоғары деңгейін көрсете алдық.

Алдағы жылы ел-жұртымыз үшін тарихи маңызды болып табылатын басты құндылығымыз – Отанымыз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өткелі отырмыз.Осынау мерейлі жыл өмірімізді жақсартатын, еліміздегі бейбітшілікті, бірлік пен келісімді нығайтатын біздің жалпы жетістіктеріміз бен табыстарымыздың, нақты істер мен жаңа жобалардың жылы болатынына сенімдіміз.

Қымбатты жерлестер!

Жаңа жыл шаңырақтарыңызға береке, шаттық пен бақыт әкелсін, барша үміттеріңіз бен армандарыңызды ақтасын!

Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, амандық және сүйіспеншілік тілейміз!

Еңбектеріңіз бен бастамаларыңыз әрдайым жемісті және табысты болсын!

Жаңа жылдарыңызбен!

Қазақстан халқы Ассамблеясы