Chania
343
22.12.2020
ЭТНОКУХНЯ ЖОБАСЫ ТАТАР ХАЛҚЫНЫҢ АСҚАБАҚ ҚОСЫЛҒАН БӘЛІШІ

Біздің аспаздық онлайн-жобамыз жалғасуда және бүгін Сіз бен бізді «Дуслык» татар-башқұрт қауымдастығының мүшесі  Фаима Зарипова татар халқының асқабақ қосылған бәлішінің әзірлену жолымен таныстырады.

Қажетті өнімдер:
-    ашытқан қамыр 
-    күріш
-    асқабақ
-    мейіз
-    қант
-    сары май

Әзірленуі:
Күрішті тұзды суға салып, пісіру қажет, жартылай піскен күрішке майдалап туралған асқабақ және мейіз бен қантты қосып, араластыру қажет. 
Қамырды екіге  бөлу керек. Қамырдың үлкен бөлігін алып, пештің табасына жайып, ішіне салмасын тегістеп салу қажет, содан соң қамырдың екінші бөлігімен жауып, шетін өріп, бекітіп шығу керек. Бу шығу үшін бәліштің ортасын  тесіп қойған жөн. Бәліш 230-240 градус температурада 45-50 минут пісуі тиіс. Дайын бәлішті қант ұнтағымен безендіруге болады. 
Астарыңыз дәмді, дастарқандарыңыз мол болсын!