Chania
235
07.11.2020
Алтыбаева Ақжан:"Балаларыңызбен кітаптарды, кино мен мультфильмдерді талқылау, олардың сөздік қорын және ойлау қабілетін шыңдайды, отбасылық жақсы дәстүрге айналады"

Көпбалалы ана ретінде мені көп толғандыратын тақырыптың бірі - бала тәрбиесі.
Карантин режиміне байланысты қазір көптеген ата-аналар үйде іші пысып отырған балаларының көңілін аулауға тырысады.
Осыған байланысты, Сіздердің назарларыңызға күндеріңізді қызықты әрі пайдалы өткізу үшін балаларға арналған келесі фильмдер мен мультфильмдерді ұсынғым келеді:
1. Баланың анаға махаббатын және ананың балаға махаббатын көрсететін Отандық «Анаға апарар жол» фильмі.
2. Ұлт пен нәсілге қарамай, адамдардың бір-бірін жақсы көріп, қамқорлық көрсете білуі туралы, шынайы оқиғаға негізделген «Айла: Дочь войны» фильмі.
3. Өнерімен әлемді тамсандырған, қазақтың бір туар ұлы Әміре Қашаубаев туралы «Әміре» фильмі.
4. Ата-бабаларды сыйлау, отбасылық құндылықтарды сақтау туралы «Тайна Коко» мультфильмі.
Балаларыңызбен кітаптарды, кино мен мультфильмдерді талқылау, олардың сөздік қорын және ойлау қабілетін шыңдайды, отбасылық жақсы дәстүрге айналады.
#Үйдеболайық #Аманболайық#Біргеболайық