Chania
284
07.10.2020
Лайықты еңбекке - лайықты марапат

Қостанай облыстық корей қауымдастығының өкілдері марапатталды. 

Алматы қаласында орналасқан Қазақстандағы кәрістер қауымдастығы басқармасының Пленумы барысында корей этномәдени бірлестіктерінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттауға арналған іс-шара өтті, оған Қазақстанның 16 өңіріндегі корей этномәдени орталықтарының төрағалары және төрағалардың орынбасарлары қатысты.
Іс-шара аясында Қазақстандағы кәрістер қауымдастығының 30 жылдығына орай этномәдени орталықтардың белсенді мүшелеріне естелік медальдар табысталды, сондай-ақ,  мәдени бірлестіктерді дамыту жоспары (10 жылға арналған) талқыланды. 
Қазақстандағы кәрістер қауымдастығының жұмысын дамыту жолында елеулі үлес қосып жүрген Қостанай облыстық корей қауымдастығының төрағасы Игорь Ким мен төраға орынбасары Ульяна Ким лайықты марапаттарға ие болды.