Chania
368
02.10.2020
Қарияларға сый-құрмет

Этномәдени бірлестіктер ардагерлер мен ақсақалдарды Қарттар күнімен құттықтады.
Достық Үйінің ұжымы жыл сайын Қарттар күніне орай аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, мерекелік концерт ұйымдастыратын. Биыл этномәдени бірлестіктердің мүшелері қарияларға сый-тарту жасауды жөн көрді. 
«Бірлік» әзірбайжан қауымдастығының, «Эребуни» армян этномәдени бірлестігінің, «Асаба» қырғыз этномәдени орталығының, «Асар» белорус-балтық жағалауы халықтары этномәдени бірлестігінің, «Вайнах» шешен-ингуш қауымдастығының, «Шарк» тәжік-өзбек этномәдени бірлестігінің және «Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» қоғамдық бірлестігінің өкілдері аға буын өкілдеріне тәтті тағамдар, жеміс-жидектер ұсынып, қамқорлық танытты. Ал, достық үйінің қызметкерлері қарияларға (мекенжайлары бойынша) сый-тартуларды жеткізіп, игі тілектерін жаудырды.  
«Жаңғыру жолы» жастар қоғалысының өкілдері саябақта серуендеп жүрген ата-әжелерді мерекемен құттықтап, раушан гүлдерін сыйлап, көңілдерін көтерді.