Chania
349
24.09.2020
Қарияларға құрмет

Корей қауымдастығы аға буын өкілдерін келе жатқан Қарттар күнімен құттықтады.
Былтыр аталмыш мереке чхусок-күзгі жиын-терін мерекесімен тұспа-тұс келгендіктен қос мереке қатар тойланып, қарияларға дастарқан жайылып, концерт ұйымдастырылған болатын. Карантинге байланысты биылғы іс-шара тар ауқымда өтті. 
«Қандай жағдай болмасын, біз аға буын өкілдерін назардан тыс қалдырмаймыз, оларға құрмет көрсету – парызымыз. Корей және қазақ халқы қарияларды ерекше қадірлейді. Ата-әжелерімізге қамқорлығымызды танытып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды жөн көрдік», - дейді корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ульяна Ким.
Достық Үйінің ұжымы бірлестіктің құрамындағы қарияларды құттықтап, азық-түлік жиынтықтарын табыстады, қалған ақ самайлы жандарға азық-түлік жиынтықтары мекенжайлары бойынша жеткізілетін болады. 
Игі іс-шара аясында 110 қарт адамға қолдау көрсетілді.