Chania
300
22.09.2020
«Бәріміз үйде болайық» жобасы: Бірмағамбетовтар жанұясы – ою-өрнектің әлемі

Достар, бүгін Сіз бен Біз Жангелдин ауданында тұратын Бірмағамбетовтар отбасымен танысамыз. 
Торғай ауылының тұрғыны, жеті баланың анасы, жиырма жеті немере, үш шөбере сүйіп отырған асыл әже – Рәзия апа қолөнер десе ішкен асың жерге қоятын жан. Биыл 75 жылдығын тойлаған кейуана бір сәт тыным таппайды, уақытты тиімді өткізуді жөн көреді.  
Кішкентайынан анасынан кесте, тоқыма тоқуды үйреніп, қазіргі таңда сол ісін жандандырып, сүйікті ісіне айналдырған қолы алтын зейнеткер әженің қолынан шыққан бұйымдар ерекше. 
«Тоқыма тоқу қолөнер саласының қиын түрі, шығармашылық жұмыс, сонда да, жанұямыздың «сүйікті іс табысқа жеткізеді» деген ұстанымы берік», - дейді Рәзия апа. 
«Атадан балаға-мұра» дегендей, Рәзия  апамыз бұл өнерін өз келіндері мен немере, шөберелеріне үйретуден жалыққан емес.