Chania
302
20.09.2020
20 қыркүйек - Қазақстанда Аналар күні тойланады!

Әйел отбасы ошағын қажымай сақтай отыра, өскелең ұрпаққа қамқорлық жасап, отбасында ерекше көңіл күй орнатады. 
Ол отбасылық дәстүрлер мен үйдің берекесін сақтаушы. Осы себептерге байланысты аналарға көңіл бөлу, құрмет пен сүйіспеншілік таныту — Қазақстан мәдениетінің құрамдас бөлігі, ата-баба дәстүрлерін сақтау және халықтың руханиятын қолдау тәсілі. Бұл жас ұрпаққа негізгі өмірлік бағдарларын жоғалтпауға, неке, отбасы құндылықтары мен дәстүрлерін есте сақтауға көмектеседі. 
Осыдан 8 жыл бұрын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен аналар күні мемлекеттік деңгейдегі ресми мерекеге айналды. Бүгін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық Аналар кеңесі Сіздерді, қымбатты Қостанайлықтар, осы тамаша мерекемен құттықтайды!
Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Ақжан Алтыбаева құттықтайды!