Chania
353
17.09.2020
Тарихтан сыр шертетін мәдени мұралар

Қостанайлық этномәдени бірлестіктердің мүшелері қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің моделін насихаттауға бағытталған «Қазақтану» республикалық  дәрісіне  қатысып, ортақ құндылықтарды қалыптастыру  және сақтау жолдарымен танысты.
Ақмола облысының Зеренді ауданындағы табиғи саябақта өткен  (екі күнге созылған)  форумға көп адам қатысты. Лекторий барысында отандық сарапшылар, ғалымдар, қоғамдық пікір көшбасшылары және «Қазақстанның  100 жаңа есімі» жобасының қатысушылары дәрістерін оқыды.
Іс-шараға Қостанай облысынан Достық үйінің бөлім басшысы Руслан Мырзағалиев, «Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» ҚБ төрағасының орынбасары Гүлжәмилә Сүндетбаева және «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі  Гүлнар Латыпова қатысқан болатын.


«Белла Газдиеваның дәрісінен мол мағлұмат алдық, ол бізге мемлекет тарапынан ұсынылған білім беру бағдарламаларына сүйене отырып, оқушының күн кестесін дұрыс құруды үйретті. Әлібек Әділовтың дәрісінен де бірталай  ақпаратқа қол жеткіздік. Ол қазақ халқының ұлттық киімдері мен әшекейлерінің шығу тарихын баяндап берді.  Әйелдерге, ерлерге,  балаларға, жасөспірімдерге, қалыңдықтарға,  ақсақалдар мен бәйбішелерге арналған киімдерді  көрсетіп, әрбір киімнің ерекшелігіне тоқталды. Уақытымыз тиімді өтті, қазақ халқының тағылымды тарихына бойлап, шежіре ақтарғандай күй кештік, өрелі мәдениетімен жақын таныстық», - дейді Гүлнар Латыпова. 
Іс-шара соңына қарай барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.