Chania
357
11.09.2020
Этносаралық келісім тілінде

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған жалпы республикалық диктантқа қатысты.
Іс-шара «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығында ұйымдастырылды.  Пандемияға байланысты биылғы іс-шара  тар ауқымда өткізілді. «Дуслык»татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің өкілдері Гүлнар және Талғат Латыповтар мемлекеттік тілде диктант жазды.
«Біз жыл сайын диктант жазамыз.  Былтыр латын әліпбиінде жазғанбыз. Биылғы мәтін қазақ тілінде беріліпті.  Мұндай іс-шаралардың маңызы зор, себебі біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері «мемлекеттік тіл - этносаралық келісім тілі» екенін бір адамдай түсінеміз» - деді Гүлнар Латыпова.
Іс-шара шамамен 40 минутқа созылды. Диктант  мәтіні ретінде қазақ халқының  ұлы ағартушысы Абай Құнанбайұлының  шығармаларынан 145 сөз алынды.