Chania
316
21.07.2020
ҚХА еріктілері: «Маска тағыңыз!»

Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері халықты қорғануға шақырды!
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері #МаскаТағыңыз акциясын қолдады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері өткен жұмада халықты қорғануға үгіттейтін #МаскаТағыңыз акциясын бастаған болатын. Аймақта карантиндік тәртіп күшейтілгендіктен қостанайлық еріктілер бұл игі істі жаңа аптадан бастап іске асыруда.


Бұл іс-шараның басты мақсаты – халықты қорғау. Бүгін «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның белсенділері жол бойына «Маска тағыңыз - Носите маску» деген сөз тіркесін бояумен жазып, аймақ тұрғындарына медициналық бетперде тағу, бір реттік қолғаптарды кию, залалсыздандыратын құралдарды пайдаланудың тиімділігін түсіндірді. Денсаулық - басты  құндылық. Бір-бірімізге қамқор болайық», - деді Қостанай облысының «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның төрағасы Руслан Мырзағалиев. 
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, еріктілер жұртшылыққа індеттен аман қалу үшін карантиндік тәртіпке бағынып, сақтық шараларын қолдану қажеттігін жеткізді.