Chania
302
21.07.2020
Ақ халатты абзал жандарға мың алғыс!

Қостанай облысының этномәдени бірлестіктері «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясына қатысты. Армян, тәжік-өзбек және қазақ этномәдени бірлестіктерінің өкілдері дәрігерлерге құрмет көрсету, алғыс білдіру мақсатында оларды дәмі тіл үйірер торт, бәліш, сары алтындай бауырсақ, самса және тандыр нанмен қамтамасыз етті. 


«Эребуни» армян бірлестігі ақсақалдар кеңесінің өкілі Сергей Григорян жинақтау пунктіне бір қорап печенье мен бірнеше торт алып келсе, «Шарк» тәжік-өзбек бірлестігі төрағасының орынбасары Фатох Восиев тандыр нан мен самса жеткізді, ал «Ұлы дала Ұрпақтары Қостанай» қоғамдық бірлестігі» ҚБ-нің белсендісі Гүлжәмилә Сүндетбаева бауырсақ пісіріп әкелді. 


«Дәрігерлер – бүгінгі күннің қаһармандары. Олар әрбір қазақстандықтың жанына араша түсуде, аянбай еңбектенуде. Бұл сауқат біздің дәрігерлерге деген алғысымыз бен шексіз құрметіміздің, қолдауымыздың белгісі», - дейді Сергей Григорян. 
Жастар ресурстық орталығының еріктілері сауқатты провизорлық орталыққа жеткізді, барлық тағамдар дәрігерлерге табысталды.