Chania
390
05.07.2020
Ұлттық домбыра күнімен!

Бүгін елімізде шілде айының алғашқы жексенбісінде Тұңғыш Президент-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен белгіленген «Ұлттық домбыра күні» аталып өтуде. Домбыра – қазақ елінің шежіресі, ұлттық кодымыздың айнымас бөлігі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері  жыл сайынғы  «Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра»  атты іс-шара  аясында атаулы  күні дүниеге есігін ашқан  нәрестеге ұлттық музыкалық аспапты тарту етті.


5 шілде күні Қостанай перинаталдық орталығында Мадина Үмітбаева дүниеге ұл әкелді,  жас анаға домбыра сыйға тартылды.
Қостанай облысы бойынша 21 нәресте  алғашқы сыйлықтарын алды. Бұл мереке Қазақстанның азаматтары үшін маңызды. Бала – өмір жалғасы. Домбыра - бабадан қалған мұра, ұлттық саз аспабы.  Біз рухани жаңғыруға бет бұрып, халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын, ұлттық құндылықтарын насихаттап, ұрпақтар сабақтастығын сақтауымыз керек.


Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы барша қауымды Домбыра күнімен шын жүректен құттықтайды! Домбыра - киелі аспап. Оның үні әр шаңырақты тербесін!