Chania
412
03.07.2020
Ел мүддесін жоғары қойған тұлға

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың әлі сиясы кеппеген  «Тарихи тұлға тағылымы»  атты мақаласын мұқият оқып шықтым. Елбасымыз туралы көптеген  еңбек жарық көрген, болашақта да жазылатыны анық. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Тұңғыш Президентіміздің тұлғалық қасиеттеріне, мемлекетті дамытуға бағытталған маңызды стратегиялық шешімдеріне тоқталды.

Елбасы Қазақстанның бүгінгі тарихындағы кемеңгер тұлға. Ол ширек ғасыр ішінде бүкіл әлем танитындай жаңа, қуатты мемлекет құрды, көрегендігінің арқасында  талай қиындықты жеңе білді. Дағдарыстарды күні бұрын болжап, елді қатерлі өткелдерден аман алып шықты. Халықтың махаббатына бөленіп, Елбасы-Ұлт көшбасшысы деген мәртебеге ие болды.

Президент Елбасымыздың бұрынғы КСРО мен ТМД кеңістігіндегі әріптестерінің арасынан жаһандық деңгейде мойындалған әлемдік көшбасшылардың санатына енгендігін жеткізді. Қазақстан Президенті – халық мүддесін әрқашан жоғары қоятын, өзінің идеялары төңірегінде халықты біріктіретін ұлы саясаткер. Ол ұсынған барлық саяси және экономикалық жобалар әрдайым сәтті жүзеге асады.  Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы  бүгінгі таңда бейбітшілік пен келісім ордасы. Бұл құрылымның қызметі күллі жаһанға танымал.  Біз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың барлық реформалары мен қайта құруларының  куәгеріміз және қатысушыларымыз. Біздің жас мемлекетіміз  қарқынды дамуда, экономикамыз тұрақты,  елімізде қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман – бұл біздің Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың арқасында қол жеткізген басты жетістіктеріміз. Эргашвой Холметов, «Шарк» тәжік-өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы