Chania
315
03.06.2020
Мейірімділік пен жауаптылық үшін

Қостанай облысы бойынша ҚХА еріктілер қозғалысы орталығының еріктілері коронавируспен күрестегі үлесі үшін дипломдармен марапатталды.
Төтенше жағдай кезінде балалар жұмыстың қауіптілігі мен күрделілігіне қарамастан, қаланың медициналық мекемелеріне зейнеткерлер мен мүгедектерге дәрі-дәрмек жеткізуде белсенді көмек көрсетті. Еріктілер қозғалысы орталығы белсенділерінің мейірімділігі мен ықыластығы үшін Қостанай облыстық денсаулық сақтау департаментінің өкілдеріне дипломдар табысталды.