Chania
324
11.05.2020
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облысына гуманитарлық көмек жіберді

Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің, консультативтік-кеңестік органдар мен еріктелердің күшімен жиналған өнімдер Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен жандарға жіберілді. Қостанайлықтар өз отандастарына  ұн, картоп, пияз, макарон, май, шай және т.б. азық-түлік қорын жолдады.
«Еліміздің оңтүстігіндегі су тасқыны сол аймақта тұратын азаматтарға көп зардабын тигізді. Жазықсыздан-жазықсыз мыңдаған отбасы далада қалды, олардың үйлері қирап, тұрмыстық заттары бұзылды. Біз мұндай жағдайға бейжай қарай алмай, гуманитарлық көмек жинауға тырыстық. Қамқорлық таныту біздің халқымыздың қанына сіңген асыл қасиет. Біз біреудің қайғысына немқұрайлы қарамаймыз және әрқашан көмек көрсетуге әзірміз. Қазақстандықтардың күші бірлікте» - деді «Эребуни» армян қауымдастығы төрағасының орынбасары Сергей Григорян.
Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің күшімен жиналған гуманитарлық көмек (70 тоннадан астам жүк) ертең Алматыдан Түркістан аймағына жіберіледі. Бұл екінші автокеруен болмақ. Осыдан бұрын Мақтаарал ауданына 23 млн. теңгеден астам сомаға гуманитарлық көмек жіберілген.