Chania
321
04.05.2020
Облыстық Қазақстан Ассамблеясы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған үздік пост байқауын қорытындылады

Қоғамдық келісім Кеңесі ұйымдастырған байқауда Жітіқаралық 16 жасар Елизавета Глазко жеңіске жетті. Оның жазбасы үздік деп танылды. Бойжеткен № 3 мектеп-лицейде білім алады, сурет салады, шағын әңгімелер жазады, гитарада ойнайды, екі жыл қатарынан театр үйірмесіне қатысады. Жан-жақты, ақылына көркі сай қызымыз  Елизаветаға еліміздегі төтенше жағдай аяқталғаннан соң сыйлық табысталады.
Барлық қатысушыларға (10 жазбаның авторларына) алғысымызды білдіре отырып, жеңімпаз аруымыздың жазбасын жариялаймыз. 
«Нағыз достық, келісім, бейбітшілік пен бірлік дегеніміз не?
Мұның бәрі Қазақстанда бар, біздің ел - бірлік пен татулық мекені. Мемлекетімізде сан түрлі ұлт пен ұлыстардың өкілдері өмір сүруде.  Әрбір ұлттың мәдениетіне құрмет танытылады. Біз үйлесімділікті сақтап, кез келген мәселені бірлесіп шешуге тырысамыз. 
Бірлік дегеніміз не?
Өз өмірімде болған оқиғаны мысалға келтірсем, мен Қапшағайдағы «Балдәурен» республикалық лагеріне барған болатынмын, еліміздің түкпір-түкпірінен балалар көп келді. Олардың әрбірі көшбасшы болуға ұмтылды. Көзқарастарымыз әр түрлі болғандықтан түсінбеушілік туындауы мүмкін деп ойладым.  Алайда, мен нағыз ұйымшыл ұжымның қандай болатынын түсіндім, себебі, әрбір адам  бүкіл отрядтың жұмысын тиімді ету үшін үлес қосты. Бейбітшілік, достық пен өзара қолдаудың арқасында жақсы нәтижеге жетуге болатынына көзім жетті.   
Адамдардың болмысы әр түрлі, бірақ бұл маңызды емес, оларды ортақ іске, жұмысқа деген қызығушылық байланыстырады. Халқымыз бірлесіп  талай сұрапыл кезеңдерден өткен, қиындықтарды жеңген.
Қазақстан - басқа елдермен бейбітшілік пен үйлесімділікті сақтаған тәуелсіз мемлекет, бұл бізге әлемдік аренада тиісті деңгейді сақтауға көмектеседі. Халықтың іс-әрекеті әрдайым маңызды, өйткені дұрыс жасалған қадам бізді  биік белестерге жетелейді. Тарихымызды құрметтейік, кез келген қарым-қатынаста бейбітшілік пен үйлесімділікті сақтайық.
Бәріміз бірлесіп, әлемді жақсы жаққа өзгертейік! 
#BizBirgemiz