Chania
327
24.04.2020
Онлайн конференцияда Ассамблеяның рөлі талқыланды Іс-шараға Қазақстанның 7 аймағынан отыздан астам адам қатысты.

«Жаңғыру жолы» РЖҚ  аймақтық штаб мүшелері қатысқан Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған конференция ZOOM онлайн-платформасында өтті. Қостанай мұндай форматтағы іс-шаралардың бастамашысы болды. 
«Жастар қозғалысы өкілдері мазмұнды диалог құрды. Біз Ассамблеяның мақсат-міндеттеріне, маңызды стратегиялық бағыттарына тоқталдық. Баяндамашылар өзекті тақырыптарды қозғады. Мысалы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты Денис Качеев Қазақстан халқы Ассамблеясының топтастырушы институт  ретіндегі рөлін айқындап,  әрбір этностың  тарихын сақтау маңызды екендігін жеткізді» ,- дейді конференция үйлестірушісі Руслан Мырзағалиев.  
«Жаңғыру жолы» РЖҚ төрағасының орынбасары Тимур Джумурбаев  жастардың қызметіне, еріктілердің жұмысына тоқталды. Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Кайрыев сан түрлі ұлт өкілдерімен достығын мақтан тұтатындығын, олардың өзіндік ерекшеліктерімен танысып, өзге мәдениетке құрметпен қарауды үйренгендігін жеткізді.   
«Дуслык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің белсендісі  Гүлнар  Латыпова  конференция барысында Ассамблеяның даму тарихын баяндады. Украин  қоғамдастығы жастар қанатының көшбасшысы Милина Третьяк Ассамблеядағы өз тәжірибесімен бөлісіп, аймақтағы  волонтерлік қызмет туралы әңгімеледі. 
Іс-шара соңына қарай  барлық қатысушылар «Миллионер» ойнын ойнап, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы негізгі заңдар мен тарихи фактілер жайындағы білімдерін ортаға салды.