Chania
322
22.04.2020
Бақытжамал Калтаева: «Ел бірлігі, əр отбасы бірлігінен басталады»

Бүгінгі күні елімізді жайлаған коронавирус індеті, баршамызға үрей тудыруда. Бұл нəубеттен аман-есен шығуымыз үшін, ел-жұртымыздың амандығын сақтап қалу мақсатында, өкіметіміз орнатқан тəртібін бұзбай, ғалым, медицина, санитария мамандарының айтқан ережесін ескеріп орындау қажет.
Ел бірлігі, əр отбасы бірлігінен басталады.
Бірлік бар жерде-тірлік бар, деген атамыз қазақ. Отбасы мүшелеріне, балаларыңызға көңіл бөлу, үлкенді тыңдау, бір-біріңді қолдау адамға күш-қуат беретін құндылықтар. Ең бастысы-ұрпақтарыңыздың амандығын ойлау, жарқын балашаққа сену, Аллаға сену-сыйыну керек. Кеселді індетпен күресуге халқымызға ынтымақ., əр отбасына сабырлық пен төзім берсін. Келе жатқан 1-Мамыр ынтымақ мерекесін бүкіл Қазакстандықтар амандықта, достықта, əр шаңырақ шаттықта қарсы алуға бұйыртсын.
Осы ауыр сəттерімізді, мұңды күндерімізді көрген түстей еске алып отыратын күндер тусын.
Калатева Бақытжамал Аяғанқызы, Арқалық қалалық Аналар кеңесінің төрайымы