Chania
335
13.04.2020
Қазақстанның этносаясатын жетілдіру бойынша жаңа идеяларға конкурс жарияланды

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы @apa.kz Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсын жариялайды.⠀
Конкурстың мақсаты – өзгермелі әлем жағдайында Қазақстанның этносаясатын жетілдіру бойынша жаңа идеяларды іздеу. Конкурстың құрылтайшысы – Қазақстан халқы Ассамблеясы.⠀
Конкурс келесідей тақырыптық бағыттар бойынша өткізіледі:
1) Қазақстан халқы Ассамблеясы татулық, қоғамдық келісім мен бірлік институты ретінде;
2) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаһандық бастамалары контексіндегі татулық пен келісім идеялары;
3) қазақстандық бірегейлік: құндылықтық негіздері және нығайту жолдары;
4) ұлттық код және қоғамдық сананы жаңғырту;
5) әл-Фараби және Абай Құнанбаев еңбектеріндегі бейбітшілік және келісім құндылықтары.⠀
Конкурсқа жас зерттеушілер, студенттер, магистранттар мен докторанттар (соның ішінде шетелде білім алушылар, сондай-ақ PhD дәрежесін иеленуге арналған диссертациясын соңғы үш жыл ішінде қорғағандар), 35 жасқа дейінгі оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері, Қазақстанның ғылыми-сарапшылық қауымдастығының өкілдері қатыса алады.⠀
Әрбір үміткер тек бір өтінім бере алады. Бір үміткердің екі және одан көп өтінімде бірлескен авторлығына рұқсат етілмейді.⠀
Конкурс үш кезеңде өткізіледі:
1) өңірлік кезең;
2) республикалық кезең (жобаларды сырттай іріктеу);
3) қорытынды кезең (қатысушылардың өз жобаларымен таныстыруы).⠀
Конкурс аяқталған соң ғылыми жұмыстардың тезистері арнайы жинақта жарияланады. Үздік жобалар ғылыми басылым ретінде толық нұсқада жарияланады.⠀
Толығырақ ақпарат 8-705-544-85-31 (Дарья Тимина),