Chania
361
06.04.2020
Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясымен бірге мемлекеттік тілді меңгерейік!

Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы мен Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ мемлекеттік тілді меңгертуге арналған «Мәміле. Жағдаяттық қазақ тілі» тақырыбында онлайн сабақтар өткізбек.  
Қауіпті коронавирус індетін жұқтырмас үшін әлемдегі және Қазақстандағы азаматтардың үйлерінен шықпағаны құба-құп. Алайда, «карантиндік тәртіп» деп қол қусырып отырған жарамас, бос уақытты тиімді пайдаланып, пайдалы іспен айналысқан жөн. 
Біз Сіздерге «Мәміле. Жағдаяттық қазақ тілі» онлайн сабақтары арқылы мемлекеттік тілді меңгеруді ұсынамыз. Сіз үй жағдайында қазақ тілін үйреніп, біліміңізді шыңдай аласыз. Онлайн сабақтар  жексенбі, сәрсенбі күндері өткізілетін болады. 
Сіз мемлекеттік тілді меңгеріп қана қоймай, іс жүзінде пайдалану мүкіндігіне ие боласыз.