Chania
417
01.04.2020
«Біз біргеміз»

"Асаба" қырғыз этномәдени бірлестігі Красный партизан кентінің тұрғынына көмек көрсетті.
Александра Дубень есімді азаматша қаржылық көмекке душар, ол мүмкіндігі шектеулі ұлын және 7 айлық қызын асырап отыр. Балаларға қарасатын жан болмағандықтан ол жұмыс істемейді.  Жұбайы жаза өтеу орнында,  Александраның сенім артатын адамы жоқ. Қаржыдан тарыққан әйел-ана этномәдени бірлестіктерге жүгініп, азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуді өтінді.  
"Асаба" қырғыз қоғамдастығының төрағасы Эркинбек Алипсатаров көмекке зәру жанұяға азық-түлік жиынтығын табыстады. 
"Жалғыз басты аналар, көп балалы және тұрмыс жағдайы төмен отбасылар қиын жағдайға душар болды. Біз көмекке зәру азаматшаның өтінішін жерге қалдыра алмадық, қолымыздан келгенше көмектестік", - деді Эркинбек Алипсатаров.