Chania
467
01.04.2020
«Біз біргеміз»

Қостанай облысының этномәдени бірлестіктері көп балалы және тұрмыс жағдайы төмен отбасыларды қолдауға бағытталған «Біз біргеміз» атты қайырымдылық акциясына қатысып, Тобыл қаласындағы 7 жанұяға көмек көрсетті. 
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл, біз еліміздегі төтенше жағдайға бейжай қарай алмаймыз. Бір ғана асыраушысы бар, көп балалы немесе қаржылай көмекке зәру отбасыларға қолдау таныту қажет. Біз - бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған елміз, ортақ міндетіміз - мұқтаж жандарға көмектесу. Біз азық-түлік, тұрмыстық химия жиынтықтарын жинап, оларды Тобыл қаласындағы көп балалы және тұрмыс жағдайы төмен жанұяларға табыстадық», - деді корей этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Ульяна Ким.  
Акцияға корей этномәдени орталығы, «Nadzieja» поляк этномәдени бірлестігі, «Эребуни» армян этномәдени бірлестігі, «Асаба» қырғыз этномәдени қоғамдастығы, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі, «Бирлик» әзірбайжан қоғамдастығы және «Ұлы Дала Ұрпақтары Қостанай» ҚҚ қатысты.