Chania
410
29.03.2020
Әлімжан Бекмағамбетов: «Ортақ игілік үшін профилактикалық шараларды күшейту қажет деп санаймын»

Әлімжан Бекмағамбетов: «Ортақ игілік үшін профилактикалық шараларды күшейту қажет деп санаймын»
Коронавирустың таралуы - жалпы планетарлық ауқымдағы мәселе. ҚР Президентінің 23 наурыздағы төтенше комиссия отырысындағы карантинді күшейту және коронавируспен күрес жұмыстарын үйлестіру жөніндегі үндеуін зор құрметпен қабылдадым.
Мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттары, еріктілер кешенді жұмыс жүргізуде. Азаматтардың денсаулығы мен өмірі үшін жауапты медицина қызметкерлерінің рөлі ерекше байқалады.
Біз, әрқайсымыз жағдайды түсініп, өзіміздің және айналамыздағы жандардың физикалық және психикалық денсаулығы үшін азаматтық жауапкершілікті сезініп, арандатушылыққа бой алдырмауымыз маңызды. Карантин аясында қолданылған шараларды  елемеу - қылмыс, себебі, адам өзіне ғана емес, қоғамға да залал келтіреді. Тәртіпке бағыну, жеке бас тазалығын сақтау арқылы бұл індетті жеңеміз. 
Індетті таратпау үшін профилактикалық шараларды қатаңдатып, азаматтардың ел ішіндегі, халық көп жиналатын орындардағы жүріп-тұру құқығын шектеуді дұрыс деп санаймын.
Қоғам белсендісі, ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, криминолог-ғалым ретінде этносаралық қатынастың, құқықтық тәртіптің арнайы профилактикалық  шаралар есебінен, сонымен қатар, азаматтарды  өздігінен білім алуға, сан түрлі ақпаратпен танысуға, цифрлық технологияларды пайдалануға тарту арқылы  қамтамасыз етілуін дұрыс деп санаймын. Мемлекет басшысы, өз кезегінде ғаламтордың жалпыға қолжетімді және "шексіз" болуын талап еткен.
Мемлекеттік органдардың қызметі елдегі әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығын сақтауға, әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған, әрбір азамат  әлеуметтік желілер мен ғаламтор кеңістігіндегі тазалықты сақтай отырып, толеранттылық пен отансүйгіштіктік қасиеттерін таныта отырып, ортақ іске үлесін қосуы тиіс.
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің жанындағы  іргелі зерттеулер институтының директоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Әлімжан Бекмағамбетов